Қызылорда облысында Harvest Agro агроиндустриялық кластерін құру жобасы басталды, деп хабарлайды Naizanews.kz. Жоба аясында техникалық қарасора және басқа да дақылдарды өсіру жоспарланған.
Алғашқы кезең Жалағаш ауданында жүзеге асырылып, 8,7 мың гектар алқапқа жүгері егіледі. Келесі кезеңде егіс көлемі 32 мың гектарға дейін ұлғайтылып, соя мен техникалық қарасора қосылады.
Сонымен қатар құны 68 млрд теңгеден асатын қайта өңдеу зауыты салынады. Кәсіпорын шамамен 140 адамды жұмыспен қамтиды.
Өңірде инфрақұрылым да қатар дамып жатыр: суару арналары тартылып, жаңбырлатып суару жүйелері орнатылуда және егіс алқаптарын басқаруға арналған цифрлық технологиялар енгізілуде.
Жоба ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және ірі агроөнеркәсіптік кластер қалыптастыруға бағытталған.
Источник: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы