Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлін күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы тазалықтың құндылығын түсіну ерте жастан қалыптасатынын атап өтіп, Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын әзірлеп, енгізуді тапсырды. Бағдарлама оқушыларды табиғатты қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарына үйретуге бағытталған.
Президент оқушылар мен студенттерді экологиялық акцияларға кеңінен тартудың және олардың ғылыми, қоғамдық бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.
Оның пікірінше, «Таза Қазақстан» жобасы ұлттық идеяға айналып, мәдениет, медиа және креативті индустрия арқылы кеңінен насихатталуы тиіс.
Источник: Aqorda