Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты Асель Шәрімова Майкл Фуллан атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Ол бұл марапатты иеленген Қазақстаннан және посткеңестік кеңістіктен шыққан алғашқы ғалым болды. 2026 жылы сыйлық әлем бойынша небәрі екі зерттеушіге берілген.
Асель Шәрімова мұғалімдердің кәсіби капиталы мен білім беру қауымдастықтарының дамуын, соның ішінде әлеуметтік желілердің бейресми оқуға әсерін зерттейді.
Бұған дейін ол University of Cambridge-де PhD дәрежесін алып, Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде жұмыс істеген. Сыйлық білім беру жүйелерін дамытуға қосқан үлесі және тәжірибелік маңызы жоғары ғылыми зерттеулері үшін беріледі.
Источник: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі