Маңғыстау облысында «Тарбия» қолөнер орталығының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды NAIZA NEWS өңір әкімдігіне сілтеме жасап. Ол Қазақстандағы бірегей алаң ретінде қарастырылуда.
Орталық ұмыт бола бастаған халықтық өнер түрлерін жаңғыртуға және қолөнер саласын дамытуға бағытталған. Әсіресе кілем тоқу бағытына ерекше көңіл бөлінуде — өңірде осы сала бойынша елдегі алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылмақ.
Жоба қазірдің өзінде жұмысын бастаған: шамамен 20 әйел оқытудан өтіп, жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта орталық жүн өңдеу, иіру және киіз басу сияқты дәстүрлі әдістерді үйрететін білім беру алаңына айналады.
Бастама туризмді дамытуға да бағытталған. Келушілер ұлттық бұйымдардың жасалу процесімен танысып, мәдени мұраға жақыннан үңіле алады.
Жобаны іске қосу өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді деп күтілуде.
Источник: Freepik