Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауытында ИИ-ді дамыту жол картасы аясында өндірісті автоматтандыру және цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жылдық қуаты 120 мың автокөлікке дейін жететін кәсіпорында құрастырудың барлық кезеңінде 54 өнеркәсіптік робот қолданылады. Басқару жүйесіне ERP, MES және SCADA шешімдері енгізіліп, бұл тоқтап қалу мен ақауларды азайтуға мүмкіндік береді.
Жақын уақытта өнеркәсіптік интернет негізінде цифрлық егіздер мен болжамды аналитиканы енгізу жоспарлануда. Бұл жабдықтың тоқтауын қысқартып, тиімділікті арттыруға бағытталған.
Жоба өнеркәсіпті цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.
Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі