Қазақстандық Cyber Temple студиясы әзірлеген DarkSwitch ойыны ресми релизге дейін әлемдегі ең күтілетін жобалардың қатарына енді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
230 мыңнан астам қолданушы ойынды күту тізіміне қосқан. Жоба өз жанрында аптаның ең күтілетін ойындары арасында топ-5-ке, ал барлық сити-билдерлер арасында 8-орынға жайғасты. Ойынның музыкасын жапон композиторы Акира Ямаока жазған.
DarkSwitch — дарк-фэнтези жанрындағы қала құрылысы симуляторы. Онда ойыншылар қоныс дамытып, төнген қауіп жағдайында тіршілік етуі керек.
Жобаға Қазақстан мен басқа елдерден 50-ден астам маман қатысқан.
Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі