Қазақстанда туристік нысандарға қолжетімділікті арттыру үшін автожолдарды жаңғырту жалғасуда, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Жобалар жол жүру уақытын қысқартуға және жол бойы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Негізгі бағыттардың қатарында «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс» трассалары, сондай-ақ «Өскемен – Рахман қайнарлары» бағыты бар. Сонымен қатар Алакөл, Баянауыл және Қатон-Қарағай сияқты танымал туристік аймақтарға апаратын жолдар да жаңартылуда.
Өңірлерде кірме жолдарды жақсарту бойынша 33 жоба жүзеге асырылуда, ал 2026 жылы жол бойы сервистің 50 жаңа нысанын салу жоспарланған.
Бұл шаралар туристік бағыттарды қолжетімді етіп, ішкі туризмге қызығушылықты арттырады деп күтілуде.
Источник: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі