Қазақстанда жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу желілерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
2026 жылы 377 км жылу желісін жаңарту жоспарланған, оның 130 км-і энергетиканы жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылады. Негізгі назар тозу деңгейі жоғары өңірлерге — ШҚО, СҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарына аударылады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13,4 мың км-ді құрайды. Өткен жылы 323 км желі жөнделіп, тозу деңгейі 52%-дан 50%-ға дейін төмендеген.
2029 жылға дейін Қазақстанда 1,6 мың км жылу желісін жаңартып, тозу деңгейін 42%-ға дейін азайту жоспарланған.
Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі