1 сәуірдегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 31,1 мың отбасыдан 167,4 мың адамға тағайындалып, 7,9 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жалпы 2026 жылға бұл мақсатқа 62,7 млрд теңге қарастырылған. АӘК аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталып, тек төлемдерді ғана емес, жұмыспен қамту шараларын да қамтиды.
Қосымша түрде балаларға да көмек көрсетіледі: 1 жастан 6 жасқа дейінгі 51,7 мың балаға 942,1 млн теңге көлемінде төлем тағайындалған.
Өтінімді мансап орталықтары, әкімдіктер немесе eGov порталы арқылы беруге болады.
Источник: Freepik