Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жалғасуда, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Жоба көмектің атаулығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жүйеге қазірдің өзінде 10 мыңнан астам ұйым қосылған. Платформа өтініштерді онлайн беруге мүмкіндік береді, қамқоршылық және қорғаншылық саласындағы қызметтерді автоматтандырады, сондай-ақ қазынашылықпен интеграция арқылы тікелей төлемдерді жүзеге асырады.
2026 жылы функционалын кеңейту жоспарланған: eGov порталы арқылы өтініш беру, төлемдерді қадағалау сервистерін енгізу және тағы 13 әлеуметтік қолдау шарасын автоматтандыру көзделген.
Цифрландыру нәтижесінде әлеуметтік көмек жүйесі азаматтар үшін қолжетімді әрі тиімді бола түседі деп күтілуде.
Источник: Freepik