Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жылға жетті — бұл тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды NAIZA NEWS Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Соңғы онжылдықтарда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 1991 жылғы 67,6 жылдан бүгінде шамамен 76 жылға дейін жетті. 8 жылдан астам өсім өмір сүру сапасы мен денсаулық сақтау жүйесінің жақсарғанын көрсетеді.
Бұл нәтижеге жұқпалы емес аурулармен күрес шаралары да әсер етті — 2025 жылы Қазақстан ДДСҰ стандарттары бойынша осы аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендеткен елдердің қатарына енді.
Билік бұл үрдісті жалғастыруды жоспарлап отыр: 2029 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру көзделген.
Источник: Freepik