Алматы облысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің төрағалығымен өңір аграрийлерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Кездесудің негізгі тақырыбы — 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар болды. Құжат саладағы технологиялық деңгейді арттыруды, өнімділікті өсіруді және қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.
Мемлекеттік қолдау аясында өңірдің 30 фермері 6,2 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бағдарламасы жалғасуда, оның қаржыландыру көлемі 2026 жылы 300 млрд теңгеден асады.
Кездесу қорытындысында аграрийлер қолдау тетіктерін жеңілдету бойынша ұсыныстарын айтты. Министрлік бұл шаралар өндіріс көлемін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Источник: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі