Қазақстанда Ғылым қорының қолдауымен ғылыми жоба аясында әзірленген Smart Home жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Шешімнің негізінде Wallee контроллері мен бағдарламалық қамтамасыз ету жатыр. Олар ғимараттағы инженерлік және тұрмыстық жүйелерді бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Жүйе басқаруды автоматтандырып, қауіпсіздікті арттыруға және энергия тұтынуды бақылауға мүмкіндік береді.
Әзірлеме пилоттық және коммерциялық нысандарда сынақтан өткен. Connected Home компаниясының директоры Саят Ақтайдың айтуынша, жүйе құрылыс саласында қолданылып, ағып кетуді, түтінді және үйге кіруді мобильді қосымша арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 15 мың пәтерге жүйе орнату бойынша келісімшарттар жасалған, оның 7 мыңы технологиямен жабдықталған.
Источник: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі