Абай облысында соңғы жылдары 16 спорт нысаны пайдалануға берілді, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Спорт басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңір тұрғындарының 42%-ы тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысады. 2026 жылы бұл көрсеткішті 44%-ға жеткізу жоспарланған.
Жыл басынан бері облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 268 медаль жеңіп алды. Халықаралық деңгейде де жетістіктер бар — Германияда өткен әлем біріншілігінде алтын медаль иеленді.
Өңірде ірі жарыстарға дайындық жүргізіліп, жыл ішінде 1500-ден астам спорттық іс-шара өткізу жоспарланған.
Источник: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы