2026 жылдың басынан бері Астана мен Алматы тұрғындары агрегаторлар арқылы инватакси қызметін 112,6 мың реттен астам пайдаланды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Тек наурыз айында сапар саны 35,4 мыңды құрады. Салыстыру үшін, 2025 жылы қызмет шамамен 490 мың рет пайдаланылған.
Бұрын инватакси шақыру үшін алдын ала телефон арқылы жазылу қажет болатын. Енді сапарды қосымша арқылы рәсімдеуге болады, бұл күту уақытын қысқартып, процесті жеңілдетті.
Пилотқа Яндекс компаниясы Яндекс Go сервисі арқылы комиссиясыз қатысуда. Пайдаланушылар сапарды бақылап, арнайы шарттарды көрсете алады, ал жүргізушілер жолаушыларға көмектесу бойынша нұсқаулық алады.
Источник: Freepik