Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумында жасанды интеллектті қолдана отырып бірыңғай цифрлық геологиялық экожүйе құру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Вице-министр Жаннат Дубированың мәліметінше, геологиялық деректердің 97,5%-ы, яғни шамамен 4,7 млн бірлік цифрландырылған. Оның ішінде архивтік материалдар мен графикалық деректер бар. Процесті 2026 жылғы 1 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба Ұлттық геологиялық қызмет пен Astana Hub-пен бірлесіп жүзеге асырылуда. Нәтижесінде табиғи ресурстардың интерактивті кадастры жасалады.
Цифрландыру саланың ашықтығын арттырып, инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, жер қойнауын тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі