Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia халықаралық форумында жер қойнауын пайдаланушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер мен заңнамадағы өзгерістер таныстырылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, 2023 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестициялар 433 млрд теңгеге жетіп, барлау және өндіру бойынша келісімшарттар саны 319-ға артқан. Соңғы екі жылда 35 кен орны өндіру кезеңіне өткен.
Елде инвесторлар үшін жағдай жеңілдетілді: енді өтінімдерді түзетуге, учаскелерді айыппұлсыз қайтаруға және электрондық аукциондарға қатысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ қосымша жеңілдіктер қарастырылған жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізілді.
Министрлік мәліметінше, бұл шаралар аумақтың геологиялық зерттелуін кеңейтіп, салаға инвестиция тартуға ықпал етеді.
Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі