1 сәуірден 15 мамырға дейін Қазақстан мектептерінде білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өтуде, деп хабарлайды Naizanews.kz.
PIRLS аясында 219 мектептен 4-сыныптың 8800-ден астам оқушысы оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырады. Сондай-ақ сауалнамаға ата-аналар, мұғалімдер және мектеп басшылары қатысады. Биылғы циклдің ерекшелігі — компьютерлік форматқа көшу.
Сонымен қатар 10 өңірде TIMSS-2027 апробациясы жүргізілуде. Зерттеуге 4 және 8-сыныптардың 2500-ден астам оқушысы қатысып, математика мен жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырады.
Нәтижелер білім сапасын бағалап, оқу бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Источник: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі