Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенінде бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олармен жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров танысты.
Негізгі нысандардың бірі — 1000 басқа арналған 4,2 млрд теңгелік сүт-тауар фермасы. Оны 2026 жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған, жылдық қуаты 7,5 мың тонна сүтті құрайды.
Сондай-ақ өңірде жылына 50 тоннаға дейін форель өсіруге арналған балық питомнигі салынуда. Құны 978 млн теңге болатын жоба 2028 жылы іске қосылып, өнімді өңдеу мен сақтау инфрақұрылымын қамтиды.
Облыста қайта өңдеу кәсіпорындары да дамуда: кондитерлік өндіріс пен сүт өнімдерін шығару көлемі ұлғаюда. Министрдің айтуынша, мұндай жобалар елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін арттырады.
Источник: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі