Шымкентте халықаралық Digital Qazaqstan 2026 форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР ЖИЦДМ-ге сілтеме жасап. Алаңда мемлекеттік органдар, бизнес және IT-қоғамдастық өкілдері жиналып, цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылауда.
Форумның негізгі тақырыбы — Industry 5.0 жаңа индустриялық моделіне көшу. Бұл модельде технология мен адам біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді. Әсіресе өнеркәсіп пен мемлекеттік басқаруға ЖИ шешімдерін енгізуге ерекше назар аударылуда.
Іс-шараға Astana Hub, ірі корпорациялар мен стартап индустриясының өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшылар қатысуда.
Форум Жасанды интеллект жылы аясында өткізіліп, өңірлерді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жаңа технологиялық серіктестіктерді іске қосуға бағытталған.
Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі