2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, Қазақстанның медициналық ұйымдарында 585 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бір тәулік ішінде дәрігерлер 583 босануды қабылдаған. Сол күні Ақтөбе және Түркістан облыстарында екі егіз дүниеге келген. Жаңа туған сәбилердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.
Денсаулық сақтау министрлігінде ел үшін маңызды күні дүниеге келген балалар өмірдің жалғасын және Қазақстанның болашағын білдіретінін атап өтті. Ел бойынша медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсетті.
Ведомство сондай-ақ отбасыларды қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбилерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.
Источник: Freepik