Қазақстан электр энергиясын өндіру көлемін арттыруды жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 123,1 млрд кВт·сағ құрап, жоспарланған көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары болды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, соңғы алты жылда елдегі электр энергиясын өндіру көлемі 106 млрд-тан 123,1 млрд кВт·сағ-қа дейін өсті. Яғни өсім 16%-ды құрады. Бұл көрсеткіш қолданыстағы энергетикалық қуаттарды жаңғырту және жаңа нысандарды іске қосу нәтижесінде қамтамасыз етілді.
2025 жылы жалпы қуаты 166 МВт болатын дәстүрлі генерацияның жаңа жобалары пайдалануға берілді. Олардың қатарында Текелі энергетикалық кешенінің нысандары және «Топар» ГРЭС-і бар.
2026 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 126,5 млрд кВт·сағ-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Негізгі өсім шамамен 2,4 мың МВт жаңа қуаттарды іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі.
Негізгі жобалардың қатарында Қызылордада қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысын іске қосу, Түркістанда қуаты 1000 МВт ПГУ салу, Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті жаңғырту (1100 МВт-тан астам), сондай-ақ Атырау мен Текеліде энергетикалық қуаттарды кеңейту бар.
Дерек көзі: Freepik