Алматының төрт ауданында демалыс күндері жәрмеңкелер өтеді

Дерек көзі: Freepik
- Алматыда демалыс күндері жәрмеңкелері жұмысын жалғастыруда. Мұнда қала тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тікелей сатып ала алады. Әкімдік мәліметінше, бұл алаңдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары аясында ұйымдастырылған.
-
- Делдалдардың болмауына байланысты жәрмеңке қатысушылары өнімдерін нарықтық бағадан орта есеппен 10–15% төмен бағамен ұсынады.
-
- Қазіргі уақытта «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың төрт ауданында жәрмеңкелер өткізеді:
- Алмалы ауданы — Масанчи және Гоголь көшелерінің қиылысы;
- Бостандық ауданы — Қазақфильм шағын ауданы;
- Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы;
- Медеу ауданы — Мендікулов және Бектұров көшелерінің қиылысы.
- Әкімдіктің хабарлауынша, жыл бойы жәрмеңкелердің географиясын кеңейтіп, оларды Алматының барлық аудандарында, соның ішінде Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарында өткізу жоспарланып отыр.
-
- Сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарында жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жоспарланған. Жаңарту жұмыстарының егжей-тегжейі кейінірек жарияланады.