Astana Hub AI’preneurs жасанды интеллект стартаптарына арналған акселераторға өтінім қабылдауды бастады

Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
- Astana Hub жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға арналған AI’preneurs бағдарламасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Биыл бағдарлама alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы базасында жаңартылған форматта өтеді. Өтінімдер astanahub.com платформасында 2026 жылғы 27 наурызға дейін қабылданады.
-
- Бағдарламаға қатысушылар стартапты іске қосудың толық циклінен өтеді — идеядан бастап команда құруға, MVP әзірлеуге, гипотезаларды тестілеуге, алғашқы пилоттық жобаларды іске асыруға және инвестиция тартуға дейін. Қатысуға әзірлеушілер, инженерлер, жасанды интеллект мамандары, өнім менеджерлері, кәсіпкерлер мен стартаперлер шақырылады.
-
- Astana Hub мәліметінше, бағдарламаның алдыңғы легтеріне 960-тан астам өтінім түскен. Бағдарламаны 79 қатысушы тәмамдап, олар 35 стартап құрып, 400 мың доллардан астам инвестиция тартқан.
-
- Бағдарлама екі кезеңнен тұрады: төрт апталық Founder Lab және он апталық Core Accelerator. Қорытындысында Demo Day өткізіліп, онда командалар өз жобаларын инвесторлар мен корпоративтік серіктестерге таныстырады.