Энергетика министрлігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен тәртібі бойынша семинар өтті

Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ляззат Косаева Стратегиялық даму департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелері түсіндірілді.
-
- Әсіресе қызметтік міндеттерді тиісінше орындау, тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болу қажеттігі ескертілді.
-
- Семинар барысында кәсіби әдепті сақтау, қоғам алдындағы жауапкершілік және түрлі тәуелділіктерге, соның ішінде құмар ойындарға әуестенуге жол бермеудің маңызы да атап өтілді.