Қазақстан шетелде су дипломатиясы бойынша мамандар даярлауда

Источник: Freepik
- Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірлесіп су дипломатиясы саласындағы мамандарды даярлау бағдарламаларын іске асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізіліп, саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
-
- Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің 13 магистранты қос дипломды бағдарлама аясында Венгриядағы Корвинус университетінде білім алды. Ал 2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық мамандар тобы Бейжіңдегі Қытай халық университетінде дипломатиялық құзыреттерді дамытуға арналған курстардан өтті.
-
- Сонымен қатар Делфт су білім беру институтымен бірлесіп Young Water Diplomats халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында қазақстандық мамандар Нидерландта оқып жатыр.
-
- «Қазіргі жағдайда су дипломатиясының маңызы арта түсуде. Осы саладағы кадрлық әлеуетті күшейту үшін жаңа білім беру бағдарламалары мен бастамалар әзірленіп, енгізілуде. Қазір мамандар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде даярлануда. Қазақстан-Неміс университеті “Су ресурстарын интеграцияланған басқару” бағдарламасын іске асырады. Ал Д. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде су дипломатиясына қатысты пәндер оқытылады», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.