Qarmet қазақстандық мазмұн үлесін 60%-ға дейін арттырады

Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qarmet» АҚ 2026–2029 жылдарға арналған ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламасына қол қойды. Құжат реттелетін сатып алуларда отандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер үлесін кезең-кезеңімен үш жыл ішінде кемінде 60%-ға дейін арттыруды көздейді.
-
- Бағдарлама елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылуда. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ірі кәсіпорындар ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттарды пайдаланып, қазақстандық өндірушілер үшін кепілдендірілген сұраныс қалыптастырады және өндірісті жергіліктендіруді ынталандырады.
-
- «Qarmet» бағдарламаны бекіту рәсімінен өткен алғашқы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі болды. Компания өндірісті инвестициялық жаңғыртуды жүзеге асырып, негізгі бағыттар ретінде қазақстандық мазмұн үлесін арттыруды, өңірлердегі шағын және орта бизнесті дамытуды, жаңа өнім шығаруды, кадр даярлауды және өткізу нарығын кеңейтуді айқындады.
-
- Қабылданған шаралар импортқа тәуелділікті азайтып, кооперацияны күшейтуге және металлургия комбинаты айналасында шағын және орта бизнеске арналған өнеркәсіптік белдеу қалыптастыруға мүмкіндік береді.