Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалын екі есеге арттыруды жоспарлауда

Источник: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
- Қазақстан мен Өзбекстан тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттыру үшін негізгі теміржол тораптарының жұмысын үйлестіруде. Екі елдің бірлескен делегациясы көлік министрліктері арасындағы келісімдер аясында стратегиялық шекаралық нысандарды аралады.
-
- Делегация құрамында теміржол әкімшіліктерінің, Шекара қызметінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және бейінді ведомстволардың өкілдері болды. Сарыағаш және Сырдария түйісулері қаралды — дәл осы нүктелер өткізу қабілетін кеңейтудің негізгі алаңына айналады.
-
- Сарыағаш түйісуінің өткізу қабілетін тәулігіне 36 жұп пойыздан 40 жұпқа дейін арттыру жоспарланған. «Оазис» бағытында 10 жұп пойызға дейін өсім көзделген, ал Дарбаза – Мақтаарал учаскесі іске қосылғаннан кейін осындай көрсеткіш Сырдария түйісуінде де қамтамасыз етіледі.
-
- Қабылданған шаралар инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, екі ел арасындағы тасымалды екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.