Астанада ойын жасау бойынша халықаралық марафон өтті

Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
- Astana Hub-та әлемдегі ең ірі ойын әзірлеу хакатоны — Global Game Jam Kazakhstan 2026 гранд-финалы өтті. Бес күн ішінде қатысушылар одан әрі дамытуға дайын 34 MVP-жоба ұсынды.
-
- Қазақстан алғаш рет Global Game Jam-ға ресми түрде қосылды. Қатысушылар «Маска» жаһандық тақырыбы және «Ережені өзгерту» жергілікті тақырыбы аясында жұмыс істеді. Марафонға елдің 14 қаласынан және шетелдегі бес локациядан 214 адам қатысты.
-
- Қазылар алқасының шешімімен Square Team командасы Bascule жобасымен (300 мың теңге) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Majestic Amadei командасының Mask Huntress ойыны, үшінші орынды «Шелли Фа» командасының The Soul of the Mask жобасы иеленді. Жалпы жүлде қоры 900 мың теңгені құрады.
-
- Іс-шараны Creative Industries Alliance of Qazaqstan, GameDev Center және GCA қауымдастығы жеке бизнес қолдауымен ұйымдастырды. Джемді өткізу елдегі креативті индустрия мен цифрлық технологияларды дамыту бағытының бір бөлігі болды.