- Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров алдағы 7–10 күн ішінде киік етінің бір килограммына белгіленетін баға жарияланатынын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде киік етін өңдеуге қатысуға ниетті 18 ет комбинаты тіркелген.
«Біздің мақсатымыз – елді ет комбинаттарымен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта еттің қандай бағада және қандай форматта сатылатынын есептеп жатырмыз. Бір апта, әрі кетсе он күн ішінде бір килограмм еттің нақты бағасын айта аламыз деп ойлаймын», — деді министр.