Қазақстандық форель Анталияда өткен халықаралық аквакультура көрмесінде таныстырылды

Источник: Freepik
- Түркияда су биоресурстарын өсіру жөніндегі 11-ғылыми-тәжірибелік семинар және 1-халықаралық аквакультура көрмесі өтті. Іс-шаралар Орталық Азия мен Кавказ елдерінен келген ғылым, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірді. Қазақстан атынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермагамбетов қатысты.
-
- Панельдік және пленарлық отырыстарда аквакультура саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, өсірудің заманауи технологиялары, халықаралық кооперация және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
-
- Көрмеде қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылды. ШҚО-дағы «Алтайская форель» ЖШС форельді өнеркәсіптік өсіру нәтижелерін көрсетіп, практикалық тәжірибесімен бөлісті. Компания 2017 жылдан бері «Гранд Фиш» ЖШС-мен бірлесіп Өскемен су қоймасында жобаларды жүзеге асырып келеді және бүгінде Қазақстан аквакультурасының көшбасшыларының бірі ретінде тұрақты өндірістік әрі қаржылық көрсеткіштер көрсетуде.