Атырауда «Халық қатысатын бюджет» аясында 40 ойын және спорт алаңы салынды

Источник: Атырау облысының әкімдігі
- Атырау қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 40 ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, барлық нысан халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып жабдықталған.
-
- Мини-футбол алаңдарында шаршы метріне 17 мың дитекс тығыздықтағы жасанды жабын төселіп, жарықтандыру жүйесі орнатылған. Қала әкімі баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, құрылыс барысында аула футболын дамытудағы шамамен жиырма жылдық тәжірибе ескерілген.
-
- Оның айтуынша, қауіпсіздікті арттыру мақсатында арнайы жоғары тығыздықтағы жабын қолданылып, соның арқасында алаң беті жұмсақ әрі тозуға төзімді болған.
-
- Қазіргі таңда Атырау қаласында 700-ден астам ойын және спорт алаңы жұмыс істейді. Бұл тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына және белсенді демалуына кең мүмкіндік береді.