2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Астана мен Бангкок арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды NaizaNews.kz Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Рейстерді Air Astana әуе компаниясы аптасына екі рет Airbus A321LR ұшақтарымен орындайды.
Жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны төрт бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаюы тиіс.
Қазір Таиландқа Алматы – Пхукет, Алматы – Бангкок және Шымкент – Бангкок бағыттары бойынша рейстер орындалады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Астана мен Бангкок арасындағы жаңа бағыт туристік және іскерлік сапарлар мүмкіндігін кеңейтіп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Источник: ҚР Көлік министрлігі