Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарындағы алғашқы белдесуін жеңіспен бастады, деп хабарлайды NaizaNews.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Алғашқы белдесуде Сметов Оңтүстік Корея өкілі Харим Лимен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Дзюдодан жарыстар Аичи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары аясында ұйымдастырылып отыр. Елдос Сметов Қазақстан құрамасының сапында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Источник: olympic.kz