Қазақстанда есепті апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды NaizaNews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2026 жылғы 26 тамыздағы дерек бойынша, ең елеулі арзандау көкөністер арасында байқалды. Бір аптада пияз 4,8%-ға, ақ қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға арзандады. Сондай-ақ алма бағасы 1,1%-ға төмендеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы деңгейі елдің бірнеше қаласында төмендеген. Қонаевта көрсеткіш 0,4%-ға азайды. Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында баға 0,2%-ға төмендеді.
Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында төмендеу 0,1%-ды құрады.
Ал Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Источник: Magnific.com