Ақтөбе облысында жалпы аумағы 36,6 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында Шалқар ауданында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.
Осыған байланысты жер иесіне жер заңнамасы талаптарын жою туралы нұсқама берілген. Алайда белгіленген мерзімде оның талаптары орындалмаған.
Кейін Ақтөбе облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызбен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгінді.
Сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. Нәтижесінде жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Министрліктің мәліметінше, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып, тұрақты бақылауда тұр.
Источник: Magnific.com