Ақтау теңіз портында акваторияны тереңдету жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бас мердігер – China Harbour Engineering Company Ltd. компаниясы жобаны іске асыруға қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеуді аяқтады.
Қазіргі уақытта арнайы тереңдету флотын, техника мен жабдықтарды жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 785 метр болатын қоршау бөгетінің 680 метрі салынды.
Негізгі тереңдету жұмыстары биылғы жылдың шілде айының екінші жартысында басталып, жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде порт акваториясының тереңдігі 6–7 метрге дейін ұлғайып, кемелердің толық жүктемемен жүруіне және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, жоба Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыруға ықпал етеді. 2028 жылға қарай оның өткізу қабілетін 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында ТХКБ арқылы Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал көлемі 30%-ға өскен.
Источник: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі