Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда химиялық өңдеу жұмыстары 1,3 млн гектар аумақта жүргізіліп, жоспарланған көлемнің 62%-ы орындалған. Қорғау шаралары фитосанитариялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес зиянкестер анықталған аумақтарда жүзеге асырылуда.
Мониторинг пен өңдеу жұмыстарына 3,5 мыңға жуық маман, 556 бірлік арнайы техника, әуе кемелері және 103 пилотсыз ұшу аппараты тартылған. Барлық өңірлер қажетті пестицидтермен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі фитосанитариялық жағдай тұрақты әрі бақылауда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтіруге жол берілген жоқ.
Соңғы жылдары өңдеуді қажет ететін аумақ көлемі де азайып келеді. Биыл шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған алқап көлемі 2,2 млн гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеген.
Источник: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі