Қазақстандық гидрогеологтар АҚШ-тың жерасты суын басқару саласындағы заманауи тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Іссапар ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Оқу бағдарламасы Бойсе қаласында өтті. Қазақстандық мамандар Айдахо штатының Су ресурстары ғылыми орталығы жанындағы жерасты суы оқу орталығының жұмысымен танысып, жерасты суын мониторингтеу жүйелерін, су көздерін модельдеу және қорғау тәсілдерін зерттеді.
Сонымен қатар гидрогеология және жерасты су ресурстарын басқару мәселелері бойынша ғылыми кездесулер, техникалық семинарлар мен тәжірибелік талқылаулар ұйымдастырылды.
«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі басқарма төрағасының орынбасары Даир Ибраевтың айтуынша, бұл тәжірибе отандық мамандардың біліктілігін арттыруға, жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын енгізуге және америкалық сарапшылармен кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, барлық шығынды америкалық тарап өз мойнына алған.
Источник: Magnific.com