2026 жылғы негізгі ҰБТ басталған 10 мамырдан бері тестілеу 41 мыңнан астам рет тапсырылды, деп хабарлайды Naizanews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Талапкерлердің 67%-ы емтиханды қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде тапсырған. Тағы 103 адам ағылшын тілін таңдаған.
Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 57%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа нәтиже 58 балл болса, ең жоғары көрсеткіш 138 баллды құрады.
Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 134 талапкер де қатысты.
ҰБТ-ның алғашқы аптасында ереже бұзудың 86 жағдайы анықталды. 46 адам смартфон, микроқұлаққап, смарт-көзілдірік пен шпаргалка алып кірмек болған. Тағы 40 талапкер тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ аяқталғаннан кейін бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексерілетінін мәлімдеді. Егер ереже бұзушылық анықталса, тест нәтижелері жойылады.
Жалпы ҰБТ-2026-ға қатысу үшін шамамен 240 мың талапкер өтініш берген.
Источник: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі