Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Режеп Тайип Ердоғанн ресми қарсы алды, деп хабарлайды NaizaNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі аясында Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребительдері Түркия туының түстерін бейнелейтін қызыл және ақ түсті із қалдырды.
Кейін мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сондай-ақ Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Источник: Aqorda