Астанада Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana 2026 халықаралық көрмелері ашылды. Іс-шараға әртүрлі елдерден 147 компания қатысуда, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Көрме алаңдары көлік, логистика және құрылыс саласының өкілдерін біріктірді.
Экспозицияда коммерциялық көлік, арнайы техника және құрылыс жабдықтарын қоса алғанда 50-ден астам техника үлгісі ұсынылған.
Сонымен қатар Өзбекстан мен Қытайдың ұлттық павильондары ұйымдастырылған.
Қатысушылардың айтуынша, көрме келісімшарттар жасауға және серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Көрмелер 5–7 мамыр аралығында өтеді және саланы дамытуға арналған маңызды алаң ретінде қарастырылуда.
Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі