Қазақстанда 2026 жылы 17 мың шақырымнан астам электр беру желілерін күрделі жөндеу жоспарланған. Жұмыстар келесі жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Naizanews.kz
Энергетикалық қадағалау деректеріне сәйкес, өткен қыс штаттық режимде өтіп, электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15%-ға азайған.
Жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады.
Сондай-ақ 444 қосалқы станция мен 3,4 мыңнан астам тарату пунктін жөндеу жоспарланған.
Жылу желілері бойынша 377 км қайта жаңғыртылады, оның ішінде энергетиканы жаңғырту жобалары да бар.
Жүргізілетін жұмыстар желілердің тозуын азайтып, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.
Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі