Қазақстанда 2026 жылы түсті металлургия саласында жалпы инвестиция көлемі 80 млрд теңгеден асатын сегіз жоба іске асырылады, деп хабарлайды Naizanews.kz. Нәтижесінде 1,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Жобалар катодты мыс, кабель, алюминий ұнтағы және басқа да өнім түрлерін өндіруді қамтиды. Олардың бірі Қарағанды облысында іске асырылып үлгерген.
Қазіргі уақытта 532 млрд теңгеден астам инвестициясы бар тағы алты жоба жүзеге асырылуда. Оларды іске қосу 2027–2028 жылдарға жоспарланған.
Сонымен қатар жалпы құны 6,9 трлн теңгені құрайтын 34 жоба пысықталуда, олар 17 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сала бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 7,5 трлн теңгеге жетеді.
Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі