Алматыда БҰҰ ЭСКАТО-ның тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер жөніндегі Азия-Тынық мұхиты орталығы құрылды, деп хабарлайды Naizanews.kz. Шешім Бангкокта өткен сессияда 52 мемлекеттің консенсусымен қабылданды.
Жаңа орталық өңірдегі ЭСКАТО-ның алтыншы бөлімшесі болады және UN Plaza ғимаратында орналасады. Ол үздік цифрлық шешімдерді алмасу мен енгізуге арналған халықаралық платформа ретінде жұмыс істейді.
Бастама бес жылдан астам уақыт бойы қазақстандық мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылды.
Орталық елдер арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға және өңірде технологиялардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін бұл жоба халықаралық сараптама мен инвестицияларға қолжетімділікті кеңейтіп, Алматының технологиялық хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.
Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі