Қазақстанда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында екі жыл ішінде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 2 млн тонна қалдық жиналып, шамамен 5,5 млн ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, акцияларға жыл сайын шамамен 6,5 млн адам қатысады, оның ішінде 780 мың ерікті бар.
2021–2025 жылдары орман қорында 1 млн гектардан астам аумақта 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылды. Ал елді мекендерде осы кезеңде жоспарланған 15 млн орнына 18,4 млн ағаш егілген.
Іс-шара барысында өңірлер өкілдері бейнебайланыс арқылы экологиялық жобалардың жүзеге асуы және халықтың қатысуы туралы баяндады.


Источник: Aqorda