Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Оның айтуынша, 2026 жылы 173 қоғамдық және аула аумағын жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ 1,1 млн-нан астам жасыл желек — ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызу көзделген.
Негізгі жобалардың бірі — «Самал» саябағын дамыту. Ол отбасылық демалысқа, спортқа және мәдени іс-шараларға арналған көпфункционалды кеңістік ретінде қалыптастырылады.
Источник: Aqorda