Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен әріптестікке бейілділігін атап өтіп, елдер арасындағы диалог пен сенімді нығайтудағы парламенттік дипломатияның маңызын айтты.
Президент сондай-ақ елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы ақпарат беріп, жаңартылған Конституция басқару тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.
Пере Жоан Понс өз кезегінде Орталық Азия елдерінің экологиялық күн тәртібін ілгерілетудегі бірлігін атап өтіп, Қазақстан бастамаларын қолдайтынын білдірді.
Источник: Aqorda