Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлуды қабылдады. Кездесу барысында тараптар тұрақты даму және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы сұхбаттасушыға Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс айтып, бұл алаңның экологиялық мәселелер бойынша бірлескен шешімдер әзірлеудегі маңызын атап өтті.
Тараптар климаттық тұрақтылық, су ресурстары және экономикалық өзара байланыс салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
Тоқаев Қазақстанның ЕҚЫҰ қағидаттарына бейілділігін растап, ұлттық күн тәртібінде адам құқықтары, демократия және заң үстемдігі басым бағыттар болып қала беретінін айтты.
Источник: Aqorda