Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Кездесудің негізгі тақырыптары — климат пен денсаулық саласындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу болды.
Мемлекет басшысы ДДСҰ-мен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шыққанын атап өтіп, Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның дәрілік заттарды реттеу саласында ДДСҰ-ның 3-ші жетілу деңгейіне қол жеткізгені расталды — бұл ТМД елдері арасында алғаш рет тіркелген көрсеткіш.
Источник: Aqorda